АТУ және BTBU Қазақстан-Қытай технологиялар мен инновацияларды дамыту орталығы

"Бір белдеу, бір жол" бастамасы шеңберінде ғылыми зерттеулерге, технологиялар трансферіне және академиялық алмасуға арналған халықаралық платформа.

Қазақстан-Қытай технологиялар мен инновацияларды дамыту орталығы Алматы технологиялық университеті мен Бейжің технологиялар және бизнес университетінің (BTBU) стратегиялық әріптестік жүйесіндегі маңызды буын болып табылады.

Орталық инновациялық жобаларды іске асыру, озық ғылыми-білім беру тәжірибесімен алмасу және қарқынды дамып келе жатқан еңбек нарығы жағдайында сұранысқа ие жоғары білікті мамандарды даярлау мақсатында әріптес университеттердің академиялық ресурстары мен ғылыми-техникалық әлеуетін интеграциялауға бағытталған платформа болып табылады.

Қазақстан-Қытай технологиялар мен инновацияларды дамыту орталығы "One Belt, One Road" халықаралық бастамасы шеңберінде Алматы технологиялық университеті (АТУ) мен Beijing Technology and Business University (BTBU) арасындағы келісім негізінде құрылды.

Орталық университеттер арасындағы ғылыми және білім беру ынтымақтастығын дамытуға, инновациялық технологияларды енгізуге және ғылым мен білім беру саласындағы халықаралық әріптестікті нығайтуға бағытталған. Негізгі міндеттер бірлескен ғылыми зерттеулерді дамыту, инновациялық жобаларды іске асыру, технологиялар трансфері, сондай-ақ жоғары білікті мамандарды даярлау болып табылады.

Орталық қызметі шеңберінде ғылыми ынтымақтастық және ғылыми кадрларды даярлау саласында елеулі нәтижелерге қол жеткізілді:

Тағылымдамалар: 2025 жылдың қыркүйегі мен 2026 жылдың ақпаны аралығында 3 курс докторанты Кулаипбекова Ақерке, сондай-ақ 2 курс докторанттары Төкен Ғалия, Байғайыпқызы Мақпал және Елбасы Айдана Beijing Technology and Business University (BTBU) ғылыми-зерттеу тағылымдамасынан сәтті өтті (Бейжің қ. Қытай).

Жарияланымдар: ғылыми тағылымдама қорытындысы бойынша 3-курс докторанты Кулайпбекова Акерке «Hawthorn Leaves in Bioactive Compounds (Crataegus spp.)- Extraction, Functionality, and Future Perspectives»: Scopus дерекқорында индекстелген Agronomy (quartile Ranking JCR-Q1) журналында мақаласы шықты, басқа докторанттардың ғылыми мақалалары жариялау сатысында.

Байланыстарды дамыту: орталықтың қызметі Scopus және Web of Science сияқты беделді халықаралық басылымдарда бірлескен ғылыми еңбектердің жариялануын қамтамасыз ете отырып, стратегиялық әріптестікті жүйелі нығайтуға және университеттер арасындағы жарияланымдық белсенділікті айтарлықтай арттыруға ықпал етеді, бұл жаһандық рейтингтің өсуіне және әлемдік ғылыми-білім беру кеңістігінде екі ЖОО-ның танылуына тікелей әсер етеді.

 Ортал ық бірлескен ғылыми-зерттеу және инновациялық жобаларды іске асырады.

Орнықты даму: халықаралық ғылыми ынтымақтастық шеңберіндегі бастамалар зерттеулердің сапасын арттыруға және инновацияларды енгізуге бағытталған.

Орталықтың ғылыми қызметі бірқатар перспективалы бағыттарды қамтиды:

Тамақ өнеркәсібіндегі тамақ технологиясы және инновация;

Тұрақты даму технологиялары.

 

Жаңалықтар

2025 жылғы 27-28 қыркүйек айында тағылымдамадан өту барысында докторанттар Хух-Хото ұлттық Сүт өнеркәсібі инновациялық орталығының III жыл сайынғы конференциясына қатысты.

Сондай – ақ, осы конференция аясында докторанттар BTBU докторанттарымен және Dr Proff Ai-Nasi бірлесіп, Әлемдік сүт өндірушілердің топ‑5 құрамына кіретін Азиядағы ең ірі сүт компаниясы - "Yili Group" - ке барды.

 

 

2026 жылғы 12 наурызда докторант Байғайыпқызы Мақпал студенттермен, магистранттармен және "Қайта өңдеу өндірістерінің технологиясы (тамақ саласы бойынша)" ББ докторанттарымен кездесуде сөз сөйледі. Beijing Technology and Business University (Пекин қ., Қытай) тағылымдамадан өту тәжірибесімен, басқа мәдениеттегі өмірімен және халықаралық зертханалардың ғылыми ой-өрісін қалай өзгертетіні туралы бөлісті.

 

2026 жылдың 9 сәуірінде "8D05101-Биотехнология" оқұ бағытының 3 – курс докторанты Құлайыпбекова Ақерке " жыл сайынғы Жас ғалымдардың "Ғылым. Білім. Жастар» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференциясында "Crataegus almaatensis-тен табиғи сығындыларды жасаудың ғылыми тәсілдері және халықаралық зерттеу кооперациясының мүмкіндіктері "тақырыбында баяндамасымен таныстырды  және алғыс хатпен марапатталды.

 

Галерея

Өмір мен оқиғалар туралы көбірек
біздің әлеуметтік желілерде
Онлайн кеңесшіге жазыңыз
Біз жұмыс уақытында сағат
8:30-дан 17:30-ға дейін байланыстамыз